среда, 5 декабря 2012 г.

Теңіз дауысы



         Әсем Алатау бөктерінде орналасқан «Каргалинка» демалыс үйінде менімен бірге бір мұғалім де дем алды. Екеуіміз шүйіркелесіп көңіл табысып, бір–бірімізге тез үйреніп кеттік. Арада үш–төрт күн өткеннен соң мұғалім досым аяқ астынан «сең соққан балықтай» болып, денесін тең баса алмай, құлағы ештеңе естімейтіндей мең–зең болды да қалды. Мен де қатты сасып, әлде ауа жетпей ме деген қауіппен қолтығынан демеп, сыртқа шығардым. Маңдайына сулап орамалымды басып, көкжелкесін, иығын уқаладым. өзімше қолдан келген көмегімді істеп бақтым. Қойшы, әйтеуір, екі сағаттай табан тіресіп әуре болдым. Тіпті байқасам, досыммен бірге өзім де ауыра бастағандай едім.
         Досым төсекте шалқасынан жатты да қалды. Мен қарап отырмадым, дереу дәрігерді шақырдым.
         Әп–сәтте қазақтың қоңырқай жүзді қара көзді келіншегі біздің бөлмеге кіріп келді. Ол ауру досымды қапысыз–ақ «зерттеді», буын–буынын балғамен соғып, білегіне резинка байлап қанының қысымын өлшеді, кеудесін тыңдап, тамырын ұстады. Мен досыма жаным ашығаны сондай, аузымды ашып, көзімді бақырайтып қараппын да қалыппын.
         Дәрігер орнынан үнсіз тұрды да:
       Қазір ән–күй жазылған лентасы бар магнитофонды әкеліп, дауысын қатты шығарып ойнатып қойыңдар, – деген нұсқау берді. Біз көрші бөлменің жігіттерімен аң–таң болдық та, дәрігердің айтқанын мүлтіксіз орындадық.
       Жолдас, шуламаңдар! – деп, мен көрші бөлменің жігіттерін тыныштандырдым.
       Ағай, өзіңіз ғой, магнитофонмен тыныштықты бұзып жүрсіз! – деді біреуі.
       Онда жұмысың болмасын, дәрігер рұқсат берді, – дедім.
       Қарағым, дәрігер, бұл қандай ауру? – деп сұрадым, таңдаңа тағат таппай.
       «Теңіз дауысы»   деген дерт осы. Жолдасыңыз гуіл мен шуға үйренген, тегі музыкант болуы керек. Мұнда келіп, инфадыбыстар тұтқынына душар болған, ол дыбысты «теңіз даусы» дейміз, – деді.
Жарты сағат өтпей–ақ, ауыру досым байлаудан босанған асау аттай жұлқынып шыға келді емес пе. Бұл науқасынан айығуының белгісі еді. Тіпті, «сен мені тастап кеткенің не?» деп өзіме өкпе қойды.
         Бұдан шығар қорытынды: «Құлағың неге үйренсе, сонымен дамылда» дегенді еске келтіреді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий