среда, 5 декабря 2012 г.

Баталар мен өлең шумақтары


Бата сөз.
Әумин десең, міне бата,
Қолдасын Қыдыр ата.
Қайда жүрсең де жолың болсын,
Көптің тілегі қабыл болсын.
Қайырлы ғып дәулет берсін,
Өмірлі ғып уақыт берсін.
Жамбыл атамның жасын берсін,
Абай бабамның ақылын берсін.
Әуелі Алла оңдасын,
Пайғамбар болсын жолдасың.
Ұлылар сендерді қолдасын.
Сапарларын сәтті болсын,
Оқуларын нақты болсын.
Замандарың шаттыққа толсын,
Өмірлерің бақытты болсын.
Таланттарын өрге өрлесін,
Құлаштарын кең сермелсін.
Осы жиналған әр жастың
Бақ жұлдызы сөнбесін.
Өсіп-өніп ер жетіңдер,
Жамандықтан безіңдер.
Ақты ақ деп бағалаңдар,
Қараны қара деп қаралаңдар.
Өзектерің талса, өзен жағалаңдар,
Басқа іс түссе көпшілікті паналаңдар!
Өздеріңе өздерің кәміл болыңдар,
Халқыңа әділ болыңдар,
Жауыңа қатал болыңдар,
Достарға адал болыңдар!
Өсіп-өніп ер жетіңдер,

Бата сөз
Әумин десең маған,
Бата берейін саған.
Дастархан, байлық,
Денсаулық!
Бас берсе тұрарынан,
Мал берсе құрарынан,
Түндегінің тыныштығын берсін,
Күндізгінің ырыстысын берсін.
Малға өріс берсін,
Бейбіт қоныс берсін.
Бір құдайым жарылқасын,
Өмірің көңілді,
Еңбегің өнімді болсын,
Не тілесең,
Тілегіңді Алла берсін.


Малға бата.
Құдайым малды жаратқан,
Әр тарапқа таратқан.
Адамға болсын азық деп,
Құран бетінде айтқан.
Мал иесі Мұхаммед
Пайғамбардан сұраймыз,
Тойға деген адал малды
Союға ризашылық сұраймыз.
Еті дәмді болсын,
Табақ толы болсын,
Тойға келген адамдар
Ас татып, тұз-дәмге риза болсын.
Осы үйдің іші
Береке құтқа толсын.
Әумин, әр кез Алла
Рақым етсін.


Малға бата.
Ай мүйізді,
Аша тұяқтым ай,
Жұпар иісті,
Бауырсақ құлақтым ай!
Сенде жазық жоқ,
Бізде азық жоқ.
Ақ бота, ақ тілекті қабыл ет.


Шалға бата.
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең тасый берсін,
Пәле-жала қаша берсін.

Асқа.
Бата дедің маған,
Бақ дарысын саған.
Дастарханнан кетпесін
Адал тапқан тағам.

***
Алдымен бердің шай,
Көңілің болсын жай!
Екінші бердің ет,
Арманыңа жет!
Үшінші бердің сорпа,
Дәулетің түспесің орта!


Асқа бата.
Берейін бата асыңа,
Амандық берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Бар екем деп тасыма,
Жоқ екем деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа.
Көре алмаған дұшпанның
Жуа бітсін жолына.
Бақытың жетсің төбелеп,
Дүние малды жетелеп.
Ауызыма түскен батаның
Жатырмын бәрін төпелеп.
Көтердік, міне білекті,
Ақтардым түгел тілекті,
Мына тұрған балаңыз
Батыр болсын жүректі.

***
Құдайым, әлді қыл,
Тең құрбының алды қыл!
Пәледен сақта,
Жаладан сақта,
Қатерден сақта,
Ақылсыз сөзден сақта,
Ақымақтың ісінен сақта!
Құдайым, бай ет,
Төрт түлікке сай ет,
Ұл-қызды көп беріп,
Көңілдің мұңың  жай ет.

***
Маңдайға біткен ырысың,
Босағадан кетпесің.
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің.
Асқа толсын табағын,
Ашық болсын қабағың.

***
Сұрадың бізден бата,
Атамыз Адам ата,
Әкелді мұнда құдайым,
Дәм-тұзыңды татуға.
Жолың болсын әрдайым,
Сапарға шықсаң далаға.
Осы үйге келіп орнығар,
Бақыт, дәулет, көп ырыс.

Асқа бата.
Берейін бата,
Дарысын Қыдыр ата.
Қыдырың қияласын,
Періштең ұяласын.
Баянды бақыт берсін,
Басқа амандық,
Асқа адалдық берсін.
Ырыздығың үйден,
Абыройың түзден болсын.
Өмірің көңілді,
Еңбегің өнімді болсын.
Тілегіңді құдай берсін.

Бата
«Ежірей» деген елден сақта,
«Бежірей» деген қыздан сақта,
«Кекірей» деген келіннен сақта,
«Сезікбес» деген ұлдан сақта.
Бетіңнен алар «іңіден» сақта,
Үй ішінде билігі жүрмес «кәріліктен»  сақта.
Осының бәрін көріп,
Көрге өкіріп енуден сақта!

***
Жаманды мақтай берсе,
Би болмай ма?
Тұра берсе айраның,
И болмай ма?
Жақсы менен жаманды
Айыра алмай,
У ішкендей салғырттық
Күй болмай ма?

***
Адал ниет, ақ жүрек,
Адамға демеу береді.
Арсыз көңіл, арам ой,
Елеусіз қалып сөнеді.
Еңбекпен адал келемін,
Кемшілік көп-ақ көремін.
Басқаға қайран қаламын,
Екі сөздің бірінде,
Айтады бәрін,
Табамын!


Досқа әзіл.
Досың келсе сүйіне,
Әйелің кірмес үйіне,
Екеуіңді жаратқан,
Қателеспей дәл қосқан.

***
Арсыз дәулетті,
Алдамшы дәулетті.
Мұны ерте түсінcең,
Боласың зейнетті.

***
Тамшыдан - көл,
Тастан - тау,
Сөзден - маржан,
Күшіктен - ит,
Жолдастан - дос,
Астан - ауыру,
Дәріден - сауыну,
Ақыл-ойдан - тоқтау,
Өлген сол болар жоқтау.

Комментариев нет:

Отправить комментарий