среда, 5 декабря 2012 г.

Балалармен, оқушылармен диалог туралы эсселер



Адамды жетік біл
- Ата, неге сен жақсы деп жүрген адамыңның өзіне ойланып барып көмектесесің?
- Тәжірибеде жақсылық көрсететін адамыңды жетік білу керек, себебі кейде жеміс беретін ағаш отырғызып, өскенде тікенек ағаш болып шыққан да кездеседі.

Қазақтар үш-ақ жүз болған ба?
Классқа кірген ұстаз өткен сабақты сұрай бастапты да, мынадай сұрақ қойыпты:
- Қазақтар неше жүзге бөлінеді?
Оқушы:
- Ұлы жүз, орта жүз және кіші жүз, - депті.
Сонда екінші бала: «Мұғалім менің сұрағым бар», - деп болмапты.
- Сұрай ғойшы, - депті мұғалім.
- Алғашқыда қазақтар үш-ақ жүз болған ба?, - депті.
Класстағы балалар бұл сұраққа ду күлісіпті.

Нені үйретеді?
- Үкімет адамдары бірімен-бірі кездескенде нені үйренеді екен?, - деп сұрапты мұғалім оқушыдан.
- Бір халықты екінші халықпен татуластырудың жолын үйренеді, - депті оқушы.

Кім жүйрік?
Немересі:
- «Ата қууға» қай ұлттар жүйрік деп ойлайсыз, ата?, - деп сұрапты.
- Меніңше, балам, «ата қууға» қазақтан басқа ұлт жүйрік деп айта алмаймын, - депті.

Әтеш.
 - Әтеш неге шақырады?
 - Таң атуға таяу, жұмыртқаларыңды табуға дайындалыңдар дегені тауықтарға.
 - Түсте де шақырады ғой?
 - Тауықтарға жұмыртқаларыңды тауып  болдыңдар ма дегені.
 - Онда түстен кейін неге шақырады?
 - Жұмыртқаларыңды жинандар, адамдар, тауықтар дем алады дегені, - депті әжесі немересіне.

Кәрілікте кім жолдас?
- Ата, кәрілікте кім жолдас?, - депті немересі Эмильхан атасынан.
- Кәрілікте, балам, жолдас азаяды, сыншы көбееді. Артыңнан  күлкі жүреді. Көзін қысып,  ерінін салпитып, танауын жиырып тұратындар көбееді.Осылардың бәріне шыдау үшін кәрілікте жолдас болатын «Сабырлық» па деймін, сондықтан кәрілікте сабырлық, сабырлық және сабырлық керек. Ол оның сенімді жолдасы, балам, - депті немересіне атасы.

Айыпты келес...
Қарт адам көшеде келе жатса, екі бала дауласып тұр екен.
— Ата-ата! Тоқтай тұрыңызшы?— депті біреуі. Қарт таяғын беліне көлденең ұстап тұра қалды да:
               О не, балаларым?— депті.
                 Онша ештеме де болған жоқ, ата. Мынау меніц добымды ұрлап әкетіп еді, енді кешірім сұрап әкеп тұр,— депті екіншісі.
               Сен кешірдің бе, балам?
               Кешірдім, бірақ ұрлағаны үшін жағынан тартайын деп едім.
Сонда қарт:
               Жоқ, олай істеуге болмайды. Айыпты келсе қасыңа, сабырлық жаса басыңа,— деп карт жүре беріпті. Екі бала қарт сөзіне риза болып, өзара қол алысып татуласыпты да, қартқа не дерін білмей мелшиіп тұрып қалыпты.

«Ар-ұят бағаңы»
Жасыл ағаштың бұтақтарын сындырып жатқан бұзақы баланы көрген қарт:
              Тоқтат! Мұның не, шырақ!?— депті. Бала зытып кетуге оңтайланды, бірақ сәл жүрді де, тоқтай қалды.
Сонда қарт:
                 Нені болса да сындыруға, қиратуға, жоюға болады, бірақ біздің алдымызда көрінбейтін «ар-ұят бағаны» тұрады. Оған маңдайыңды соққан кезде, істеген ісіңнің теріс екендігін сезінесің. Сен жассың. Алдыңда «ар-ұят бағаны» тұрғанын есіңнен шығарма. Мына сындырып жатқан жасыл ағашың, сол бағаның болмасын,— депті.
Қарт сөзінен ұялған бала, кешірім сұрап, сындырған бұтақтарды жинастыра бастапты.

Борыш
Аксақал немересіне:
                 Балам! Өмірге келген адамның басты борышы ол — еңбек ету. Осыны жадыңнан шығара көрме..

Ақыл
Әкесі баласына:
                  Балам, әкенің ақылын алған, өмірден дұрыс орын табады,— депті.
Сонда баласы:                                            »
               Әке, ақылды күнде естіп жатырмын, үйде сен, мектепте мұғалім, бірақ сол «ақылды» әлі іздеп табалмай жүрмін,— депті.

Әліппе
             Балалар, тыңдаңдар! Ертең әліппені бастап оқимыз, оны үйге ұмытып тастап кетпеңдер,— депті мұғалім.
Сонда балалар, қуана шулап:
Әліппені үйге тастап кетсек оқу болмай ма? — депті.

Құтылу
Мұғалім:
Асан, тұр орыныңнан, өткен сабаққа жауап бер,— депті. Бірақ Асан үндемей орынынан тұрады. Біраздан соң жолдастары:
               Мұғалім, мұғалім! Ол -«ангинамен» ауырып жүр, сөйлеуге болмайды,— депті.
Сонда мұғалім:
       «Ангинаға» рахмет айт, екіліктен құтқарды, — депті.

Тәртіпті балада.
Қарт ұстаз айтыпты:
          Тәртіпті болып өскен балада әкенің де, шешенің де, ағаның да, тәтенің де жақсы қасиеттері болады.
Сонда немересі:                            
Ата онда менің де балам тәртіпті бола ма? депті.

Қиындық                     
Әкесі:
— Балам-ау! Математикадан неге үш алғансың?
Баласы:
— Өте қиын пән, әке. Осы мен математиканы оқымай-ақ қойсам деп ем, әке? Қиынның қиыны осы пән.
Сонда әкесі:
— «Қиын» деген жауапты өмір көрген адам айта алады, сен өмірді жаңа ғана бастап келе жатқан жоқсыз ба? — депті.
Әкесінің сөзінен нәр алған баласы, мұқият сабаққа әзірленіп, математикадан «төрт» ала бастапты.

Келешек
Бірінші оқушы:
                  «Протондар» мен «нейтрондарды» ұстап біріктіріп тұратын күштің табиғаты қандай екен?— деп екінші оқушыдан сұрапты.
                Табиғатта сан алуан күштер бар, соның бірінің табиғатын айта салмайсың ба?— депті.
Сонда үшінші оқушы:
«Протондар» мен «нейтрондарды» біріктіріп ұстайтын күштің табиғатын келешек айтар, несіне бас ауыртасыңдар, басқа да ғылыми жаңалықтар толып жатқан жоқ па?— депті.
Бұлардың пікірлерін ықылас қойып тыңдап тұрған төртінші оқушы;
                Үшеуің де физиканы жақсы білеміз деп бөсесіңдер, дәл жауабын айтсам, оларды ұстап біріктіріп атом ядросын құрып тұрған күшті — «ядролық күш» дейді. «Ядролық күшті» адам игілігіне қолдану келешектің ісі,— депті.

Қателік
               Әке, кеше диктант жазғанда мен үш қате жіберіппің,— депті баласы. Сонда әкесі:
                 Иә, балам, үш қателік жіберсең, диктант кезінде мұғалімді үш рет тыңдамаған екенсің,— депті.

Күшті футболшы хақында
Бір бала, екінші баладан:
          Ең күшті футболшы кім біздің «қайратта»?—деп сұрапты.
Мықты футболшы жоқ қой деймін. Өйткені өгізді допша ұшырған ешкімді көрген емеспін,— депті екіншісі.

Тарих
                  Мұғалім, тарихты не үшін оқимыз?— деп сұрапты оқушы.
                 Сен және сенің ұрпақтарың үшін оқимыз,— деп жауап беріпті мұғалім.

Ерлік
                   Ерлік жасау барлық адамдардың қолынан келе ме, неше ерлік жасайды?— деп сұрапты оқушы мұғалімнен.
                Ерлік жасау әр адамның қолынан келеді, келе бермекте, бірақ неше ерлік жасайтынын ешкім санап біле алмайды,— деп жауап беріпті мұғалім.

Қиялдану
Мұғалім класта «Қиялдану» деген тақырыпқа шығарма жаздырмақшы болыпты, сонда бір оқушы:
                 Мұғалім, «қиялдануды» қалай түсінуге болады?- депті. Оқушының тосын сұрағына абыржып қалған мұғалім:
                  Түсінбедің бе, құлақ қойып тыңдау керек. Қиялдансаң қолың да қанат болып кетеді,депті.

Үлкен тәтем...
Мұғалім оқушыдан:
                  Есебіңді өзің шығардың ба?— деп сұрапты сенер-сенбесін білмей.
              Жоқ, депті оқушы жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап.
         Онда папаң, не мамаң шығарған шығар?
         Жоқ.
               Бұл калай? Кім шығарып берді?— деп тағы таңданыпты мұғалім.
         Үлкен тәтем!— деп қуана жауап беріпті оқушы.

«Өзінен сұра...»
Әке, бүгін Асаубек кітабымды алып бермей қойды,— депті баласы.
Кеше Асаубек жақсы жолдасым деп отыр едің, бұнысы қалай?— депті әкесі баласына көзінің астымен қарап, жауап күткендей болып. Баласы қылжықтап, не дерін білмей, аз кідіріп:
Анада автоқаламымды алып бермей қойды,—деп бармағын тістеп, томсырая қалды.
Тағы не айтар екен деп әкесі құлақ түргендей болды, бірақ баласы танауын бір қорыс еткізіп, қатты да қалды. Аздан соң әкесі:
— Балам, есіңде болсын, адам сырын адамнан сұра, қала берсе өзіңнен сүра. Нағыз жолдас үшін, оның ешқандай сөкеттігі болмас,— депті.

Кәрілік-емтихан
              Ата, математикадан емтиханды өте жақсы бағаға тапсырдым,— деп қуаныпты немересі.
Сонда ұлы Ж. Жамбыл атамыз:
              Әй, балам-ай, қуанышың құтты болсын! Адам бала кезінен бастап шыңдалады, жастыққа келгенде тәрбиеленеді, орта жасқа келгенде беріктілікке суғарылып, ал кәрілікте үшеуінен де емтихан тапсырады. Мен тегін жатқам жоқ, кәрілікке емтихан тапсырып жатырмын,— депті.
               Ата, кәрілікке емтиханды өте жақсыға тапсыр,— деп немересі қарық-қарық күліп, атасын құшақтапты.

Қарғыс жаманы
       Ата! Ең үлкен қарғыс не?— деп сұрапты немересі.
                  «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген ата-бабамыздың көне ғасырдан келе жатқан қарғысы. Осы ең үлкен қарғыс па деймін,— депті атасы.

Жақсы әке
               Ата! Әжем «жақсы тәрбие ал, жақсы тәобие ал» деп маған күнде айтып отырады, оны кім береді? — деп сұрапты немересі.
                  Әжең дұрыс тілек айтады екен, жақсы тәрбие алып өсу керек. Жақсы тәрбие беретің — жақсы әке, балам,— депті атасы.

Бала неге жылайды?
                Баламыз жылауық, не істеу керек?— деп сұрапты келіні енесінен.
Сонда енесі:
               Бала жылауық болса, ана құшағында, жұмсақ алақанда ұстау керек, сонда жылауын қояды, келін шырақ,— депті.

Келешек
               Ата, сіз кәрісіз, бірақ келешекті көп айтасыз, бұл неліктен?— депті немересі.
                Балам-ай! Келешекті көруге кім асықпасын. Келешек өткен өмірдің таңдаулыларының барынша жетілдірген түрі ғой, жақсыны көруге кім тартынған,— депті атасы.

Құмарлық
         Ата, өмірге құмарлық деген не?— депті немересі.
Балам-ай, сен көп нәрсені білуте ерте талпынып жүрсің, бұл талантты ердің қасиеті, талпынып іздеп, біліп, сұрап жүргенің өте дұрыс. Ал қойған сұрағыңа айтарым: кәртейіп көр, сонда құмарлықтың не екенін түсінерсің, балам.
               Мен кәртейгенше көп уақыт керек, қазір айтпайсың ба, ата?
         Әр нәрсе өз уақытында, сабырлық жаса, балам.

Ата мен немере
         Ата, неге ренжіп отырсыз?— депті немересі.
         Кәрілік келіп, қадырымның кеткеніне ренжіп отырмын, балам.
                Ата, бүгін үйге қуанып келдің ғой? Зейнетақыңды алдың ба?
               Ақшамды алып, оқудағы немереме аударып келгеніме қуанып отырмын, балам.
                   Неге күбірлеп өзіңізбен—өзіңіз сөйлесіп отырсыз, ата?
                  Екі құмырсқаның дәнге таласып жатқанын көріп, пах, шіркін тіршілік деп сөйлеп отырмын, балам.
                    Ата, не ойлап отырсыз, үнсіз қалдыңыз ғой?
               Немеренің баласының баласын көрсем деп, қиал-ойға түсіп отырмын, балам.
         Онда шалдың шалының шалы боласың ғой, ата, — депті немересі.

Шеберлік
               Папа, мына істеген «ракетам» сізге ұнай ма, көріңізші?— депті баласы.
Баласының ракетаны дөрекілеу жасадым-ау деп өкініп түрғанын сезген әкесі:
                  Шеберлікті қол білмегені өкініш емес, көңіл сезбегені өкініш. Сен жақсы сезініп тұрсың, келесі жасайтын «ракетаң» мұнан да жақсы болады,— деп «ра- кетаны» жоғары көтеріп көрді.
Әкесінің бұл сөзіне риза болған баласы үнсіз жымия күліп, жаңа «ракета» жасауға кірісті.

«Жалтақ бас»
                 Әке «Жалтақ бас» деп кімдерді айтады?— деп сұрапты баласы. Сонда сәл ойланған әкесі:
               Байқап қарашы, балам! Айыпты адам жолдастары ортасында мағынасыз күлкіге икемделіп, «жалтақ бастылыққа» салына береді. Ондай адам оқудан да, жұ- мыстан да тысқары қалуға тырысады. Сондықтан да жолдастары ондай адамды «жалтақ бас» деп атайды,— депті.

Сыпайыгершілік
         Біздің кластағы Асаубек әрдайым дөрекі сөздер айтады, онысы несі, әке?— депті баласы.
             Әй, балам-ай! Оқудағы мақсаты әріп танып формула жаттау емес шығар деймін. Біз оқу арқылы сыпайыгершілік барлық жұртта қалыптасады деп қауым болып күресіп жатқанымыз жоқ па?— депті әкесі.
               Сонда келешекте «дөрекі» сөздер айтылмайтын бола ма?
             Оны кесіп айту қиын, бірақ «дөрекі» сөзді айту, айтпау сен сияқты өсіп келе жатқан жас ұландардың тәрбиеленуі мен өмір сүрген ортасына байланысты,— депті әкесі.

Сына
             Әке, мұғалім бүгін маған көл «мораль» оқыды,— депті баласы.
             Ол «моральдың» пайдасы болды ма?
             Болған сияқты, аздаған жалқаулығымды мойындап, енді оны жоймақшы сияқтымын, бірақ өзіме толық сенбей тұрмын,— деп баласы мүңайыпты.
               Біз «моральды» көп оқымаймыз, ұстаздарды шектейміз, бірақ орынды айтылған ұстаз сөзі, ойды да, жүректі де жарып өтетін сына сияқты, бүкіл тұла бойыңа қозғау салып, денеңді бір ысытып, бір суытып, мазасыз жайға түсіреді. Осы мазасыздықтың нәтижесінде сен шыңдалып, ойың бекіп, оқудағы мақсатың айқындала түспей ме!— депті әкесі.

Сезімді бала
        Еркеш ойынға құмар-ақ. Осы құмарлығын кітап оқуға бағыттасақ жақсы болар еді,— депті ері, ақырын сыбырлап зайыбына.
              Дамылсыз кітап оқып «қари» болушы ма еді,— каникулде оқысын,— депті зайыбы дауысын шығарыңқырай айтып.
Бұл сөзден құлағы елең еткен Еркеш әке-шешесінің жанына жүгіріп келіп:
-             Папа, мама! Мен кішкене ғана ойнап келейінші, кешке кітап оқитын боламын, жарай ма? деп әке-шешесіне кезек-кезек қарап зытып кетіпті. Әкесі жымия қарап қалды.
Бұдан шығар қортынды: балаға әке сыншы, шеше күйші, бірақ сезімді бала екеуінің де көңіл-күйін табатын сияқты.

Ақсақал сөзі
Ақ сақалды адам немересімен жолда келе жатып бір бума кілт тауып алыпты. Ақсақал аз кідіріп, «мына бір бума кілт кімдікі?» деп жоғары көтеріп дауыс- тапты.
Сонда немересі:
              Ата! «Бір буда кілт кімдікі» демеңіз, «мен не тауып алдым» деңіз,—депті.
Ақсақал немересін басынан қолымен сипап:
        Ақылды жасты аға тұтуға асық, деген осы екен,- депті.

Кәрілікте барасың
Кәрі адам: «Өткен өмірдің бәрі жұмақ, қайтып бара алмаймын»,-депті.
Сонда немересі: «Оған несін асығасың, кәртейіп өлгенде барсаң да болады ғой»,-депті.

Бөрік
     Әке, мен әсем бөрік сатып алдым,— депті баласы.
Сонда әкесі:
 — Балам-ай! Бас бөрікпен ақылды болмайды, тымақ кигендерден де ақылды жандар шығып жатыр ғой,— депті.

Оқушының жауабы
Ботаникадан зоологияның қандай айырмашылығы бар?— деп сұрапты мұғалім оқушыдан.
Сонда оқушы:
     Ботаника бесінші класта, зоология алтыншы класта өтіледі ғой,— деп жауап беріпті.

Оқастық
     Сізді мұғалім класқа шақырып жатыр,— депті оқушы мектеп директорына.
     Ол оқастық болар, сізді кластан шыға тұр деген шығар,— депті оқушыға.

Физика туралы
Мұғалім:
     Физиканың қандайқандай бөлімдерін білесің?деп сұрады.
Оқушы:
     Барлық физика менің ойымша үшақ тараудан тұрады: біріншісі «Заттың құрылысы», екіншісі «Күш»дәу өгіз сияқты, үшіншісі «Қозғалыс» тұлпардың шабысы сияқты,депті.
     Жауабың бейнелі, бірақ басқа тарауларын айтқан жоқсын, депті мұғалім.
      Оны басқа балалар айтатын шығар, мұғалім, деп жимыйды оқушы.

Комментариев нет:

Отправить комментарий