среда, 5 декабря 2012 г.

Бастықтар туралы эсселер


Бастықтар туралы эсселер

«Иттер» де біледі
Бастығымен араздасып жүрген адамнан сұрапты:
- Бастық орнынан қалпақтай ұшқанда не істер едің?- депті.
- Оған мен қайғырып құса болмас едім, себебі сенің бастық бола алмайтыныңды ауылдың кейбір «иттері» де біледі,- депті.

Ақылды не ақылсыз
Әкімді ақылды не ақылсыз деп айтуға болмайды, себебі ақылды десең – асады, ақылсыз десең – қарарыңа басады, сондықтан уақыт ғана оның кім екенін айтады, тек сабырлық жасап, күту керек.

Үкімет адамы
- Үкіметті басқаратын адам қандай болуы керек?
- Өз қара басының қамын ойламаған адам үкімет басқара алады.

Баяндама жаза алмайды
Жаңа сайланған бастық орысша жетік сөйлей алмаса керек. Оның өзіне бастық болғанын жақтырмаған қызметкер әйел:
- Ол орысша баяндама жаза алмайды ғой,- деп кемсітіпті.
Мұны естіген жаңа бастық:
- Ия, Сіз сияқты баяндаманы газет пен журналды ақтарып жаза алмауым анық,      
бірақ өз ойымнан өз сөзіммен  жазып шығатыныма сенетін шығарсыз,- деп,
күліп жүре беріпті.

Ақымақ басшы
- Ақымақ басшының негізгі белгісі не?
- Елдің тарихи қалыптасқан экономикасын ыдыратып, әкімшілік бөліністі өзгерту,- депті.

Әкім айтыпты
Әкім айтыпты:
- Барды бағала, жоқты ізде!
Мұның мәні: барды берекемен үнемдеп ұстап, алғаныңды екі еселеп өндіріп, қайта қайтару. Жоқты ізде дегені – еңбектен, талпын, қатардан қалыспа дегені.

Менде кемшілік бар ма?
 - Менде кемшілік жоқ қой деймін, - депті бастық құрдасына.
 - Ия, кемшілік сенде жоқ, менде ғана!
 - Рас па?
 - Рас!
 - Мұны қандай негізде айтып тұрсың?
 - Пайда ақшаны қалтаға сала берген бастықта кемшілік болмайды, - депті құрдасы.


Интернационал басшылықтың принципі.
Бірінші басшы орыс болса, бірінші орынбасары қазақ, екіншісі орыс; бірінші басшы қазақ болса, бірінші де, екінші де орынбасарлары орыс. Осы принципті капиталистік басқарудағылар тіпті өрескел дамытып келеді.
Жаңа бірінші бастық келсе, ол өзінің бірінші орынбасарын танауын тескен түйедей жетелеп келеді. Міне,  «қазақстандық»  басқарудың жаңалығы. Ар-ұят, азаматтық қайда қалды?

Екі мәселе.
Бастық:
- Күн тәртібінде екі мәселе: біріншісі - колхозды кеңшарлау, екіншісі - капиталистік жолға түсу.
Залдан дауыс:
- Колхоздың несін кеңшарлайсың, бөліске түсіп, бел асып кеттік емес пе?
Бастық:
- Онда екінші мәселеге көшейік. Біздің ауылда капиталисттік жолға түсушілер бар ма?
Залдан дауыс:
 -  «Капиталым» жоқ!
 - Кітапханадан барып алмайсың ба?
Залдағы отырғандар мұны естіп ду күлісті.

Кеңес басшылары.
 Кеңес басшысы Қазақстанға не әкелді?
 В.Ленин -  социалистік революцияны,
 Сталин - социалистік репрессияны,
 Хрущев - орыстандыруды,
 Брежнев -  советтік халықты,
 Горбачев - қайта құруды,
 Колбин -  ұлтшылдықты,
 Ельцин -   капитализмді,
 Қонаев – қазақты тізесінен көтерді,
 Кеңестен бері қадам аттап, Назарбаев егемендік туын ұстап, халықты жаңа өмірге бастады.

Ақша болсын.
 - Ай, анау ұзынтұра қалай бастық болып кеткен, дипломы жоқ еді ғой?
 - Қазір бастық болу үшін дипломның қажеті жоқ, «ақша-ақша» болсын, - депті.

Төралқаға отыр.
Ауылда жиналысқа кешігіп келген бастықсымақ залдан отыратын орын таппай тұрса керек, сонда жиналыс жүргузішусі:
- Жолдас, залдан орын таппасаңыз, төралқаға келіп отырыңыз, - депті.
Содан, ауыл арасында «егер төралқада отырғыныз келсе, жиналысқа кешігіп келіңіз» деген лақап таралыпты.


Басшыға қарай..
Бастық жемқор қу болса, қол астындағылардан «есектер»   мен «түлкілер» де көбейе бастайды. «Бастығың соқыр болса, сен де бір қолыңды қыса отыр» деген осы.

Ғажап жаратылыс
Ғажап құбылыс, ел билігінде отырған жексұрын әкім кеткенде, бүкіл халық күн көзін жаңа көргендей қуанып, бойларына жылу ұялап, серпіліп қалады. Ал ол билікте отырғанда, жұмған аузын ашпай, аяқтарын мысықтай басып, сездірмейді, адам ғажап жаратылыс!

Істер
Бір бастық қол астындағы жұмысшыға:
- Кешегі тапсырма орындалды ма?
- Жоқ, басеке! Уақытым жетпей қалды.
Қарағым, кейде бір іс бітіру үшін құсша ұшып, кұлынша жүгіруге тура келеді. Жас жүгіріске, кәрі отырысқа, істі жүгіріп жүріп істеу керек.

Үнсіздік
                Иә, қандай жұмыспен келдіңіз?депті бастық, бөлмеге кірген кісіге.
                 Маған, екі-үш текше метр ағаш босатсаңыз,— депті келуші.
                  Өтінішіңізді әкеліңіз, қол қойып берейін,— депті бастық.
Келген кісі өтінішіне бұрыштама қойдырып алған соң да үнсіз отыра беріпті. Біраздан соң, шыдамы таусылған бастық:
                Егер жұмыспен келген кісі ісін бітіріп, үнсіз отыра берсе, онда оның тағыда бітпеген ісі болуы керек, ол бір-екі күнге жұмыстан бостату болып шығады,депті.
                  Иә, дәл солай, оны қалай біліп қойдыңыз,—деп қарқылдап өтірік күліп, қолын уқалай беріпті келген кісі.

Комментариев нет:

Отправить комментарий