среда, 5 декабря 2012 г.

Мұғалімдер, ұстаздар туралы


Екінші адам.
Бір ұстаз айтыпты:
                  Қандайда болмасын жұмыс басталса, оны аяқтайтын екінші адам табылады, Қай жұмысты болмасын дұрыс бастау керек, сонда екінші адамның рахметтен басқа айтары болмайды,— депті.

Үйрену
Бір ұстаз айтыпты:
                 Қандайда болмасын жұмысты меңгеру үшін бірак әдіс бар, ол — үйрену.

Абонемент
Сабаққа кірген инспектор:
                Сабағың мақсатына жете алмады, дипломың бар ма?— депті.
                Диплом бар, стаж да жетерлік,— депті мұғалім.
                Жолдас мұғалім, димломыңыз абонементке айналып кеткен екен,— депті.
Мұғалім үнсіз отырып қалыпты.

Қиын бала
Мұғалім ата-аналар  жиналысын өткізіп, аяқтап қалғанда, бір ана:
                 Қиын балалар туралы көп айтып жатырсыз, сонда олар мектепке қайдан келеді?— деп сұрапты.
Сонда мұғалім аз ойланып, былай депті:
Қиын балалар біздерден, осы отырған сіздерден, достардан, жолдастардан, ағайын-туғандардан, апайлар мен сіңлілерден келеді,— депті.

Бала ісінен
Шындықты баланың қай жерінен іздеу керек? —деп сұрапты мұғалімнен баланың шешесі.
Сонда мұғалім:
               Шындықты баланың бойынан іздемеңіз, істеген ісінен, айтқан сөзінен іздеңіз,— депті.

Дәлелді жауап
Сабаққа қатысқан мектеп инспекторы мұғалімге:
                 Оқушы жауап беріп тұрғанда, сіз мына сөзді өте жиі қайталайсыз, «дәлел келтір, дәлел келтір» деп, оны азайтқан дұрыс сияқты, — депті.
Сонда мұғалім:
               Оқушыдан дәлелді жауап естісем, бір кітап оқып шыққандай боламын, сабағым тез бітетін сияқты,депті.

Мәжбүрлік
Тәртіп бұзған баланы мүғалім кластан шығарып жіберіпті, оны көріп қалған мектеп директоры:
Қымбатты ұстаз, баланы сабақтан қуып шығуға болмайды ғой,— депті.
Сонда ұстаз:
         Адамның көңілін қалтырғым келмейді, бірақ өзі мәжбүр етеді,— депті.

Ақылды
              Ақылды адамда ерге біткен сабырлық, анаға тән нәзіктілік қасиеттері әр кез сезіліп тұрады,— депті бір ұстаз.

Үздіксіз
               Оқу мен ізденуді үздіксіздікке айналдырған оқушы ғана мақсатына жете алады,— депті мұғалім.

«Күшті дайындық»
Бірінші мүғалім:
     Сіз кешке дайындалып жатырсыз ба?
Екінші мұғалім:
     Қайдағы кеш?
Бірінші мұғалім:
     Тақырыптық кеш ше?
Екінші мұғалім:
     Ә, қолым тимей қалды, осы жұмада бастаймын.
Бірінші мұғалім:
     Жұма бітуіне екі-ақ күн қалған жоқ па?

Фамилиясын атаған жөн
     Мына қағаздарды шашқан сен бе?— депті мұғалім оқушыға.
     Мен емес,— депті оқушы.
Сонда мұғалім:
Иә, сен емессің, кешіріңіз, бірақ шашқан Асанов, депті. (Ол сол оқушының өзі еді). Содан кейін оқушы күліп, кешіріңіз деп шашылған қағазды жинай бастапты.

Пікірлер
     Кезекшілікке кешігіп келген мұғалімде бір-ақ ой бар: «Кезекшілікті директор атқара тұрар».
     Класс жетекшісінің шәкіртке айтатын ақылы: «Қателіксіз жұмыс та бітпейді, бірақ күнде қателесуге болмайды.
     «Білім алу» атты тәрбие сағатында класс жетекшінің айтқан өсиеті: «Білім алу дегеніміз — құмнан алтын тергендей». «Білім алу дегеніміз — жатпайтұрмай оқып, жаңылмай айту».
     Мектеп инспекторының жазып кеткенінен: «Сабақтағы қиындықты оқушы жасамады, мұғалім өзі тудырды...»
     Сабаққа кірген инспектордың айтқаны: «Жаңа сабақ мұғалімнің жүрегінде қуаныш таппады, сондықтан оның оқушыға әсері аз болды!», «Сапа бесжылдығын да отырып, әлгі есепте сатылған товардың сапасы туралы аузыңызды ашпай-ақ кеттіңіз!».
     «Егер оқушы бір апта сабаққа дәптерсіз келсе, онда жанұяның балаға деген қамқорлығы нактылы болмағаны»,— депті класс жиналысында мұғалім.
         Сабаққа кірген директор: «Оқушы бірінші күні дәптерін, келесі күні каламын, арғы күні кітабын ұмытып кетсе, онда төртінші күні мұғалім үшеуін де өзі алып келуі керек»,— депті.
     Оқу ісінің меңгерушісі: «Оқушы екі-үш мәрте еденді жумай кетсе, онда класс жетекшісі мен шәкірті орындарын ауыстырғандары жөн»,— депті.
     Оқу ісінің меңгерушісі: «Оқушы күнделікті тапсырмасын орындамаса, онда мұғалім оқушыны екі қолынан да мықтап ұстауы керек»,— депті.
     Сабаққа кірген оқу ісінің меңгерушісі: «Оқушы сабақ үстінде үздіксіз тәртіп бұзса, онда шәкірт ұстаздың бір олқылығын сезіп қалғаны»,—депті.
     Мұғалім айтыпты: «Оқушы сабаққа кешігіп келсе, онда екі түрлі себеп бар: біріншісі — сабаққа өте жақсы дайындалған, екіншісі — ешқандай дайындықсыз келген»,—депті. Ләйім, ылғи біріншісі қайталана берсе, кешіксе де, кемшілігі болмас еді.
         Бір директор: «Шәкірттерге үзіліс кезінде дәлізде жүгірме десек, онда үзілісті де сабаққа айналдырып жіберелік»,— депті директор сын айтқан инспекторға.
         Директор мұғалімге: «Баланың партаға сурет салуын тоқтатқыңыз келсе, оған екі-үш сурет альбомын әкеліп беріңіз»,—депті.
         Сабаққа қатысқан инспектор: «Оқушы сабақ үстінде күле берсе, оған күлкіңді өзің ғана естіп, біл де»,— депті мұғалімге.
         Инспектор айтыпты: «Жас мұғалімнің сабағына таңдау жасай бастасаң, «Әуелі өзім айтып берейінші»,— дейді.

Бас ие алмайды.
     Рухани адам күші қандай техниканың алдында болсын, бас ие алмайды, себебі ол техниканы жасаушы адамның өзі, депті мұғалім шәкіртіне.

Комментариев нет:

Отправить комментарий