среда, 5 декабря 2012 г.

Қомағайға тиген шөміш


Кәрі дейтін кәрі емес, жас дейтін жас емес, орта жасқа келіп қалған ерлі-зайыпты тату жандар өмір сүріпті. Бірақ ерінің тісі бекісе де, мұрты кетілсе де, тамаққа қомағайлау болыпты. Онысын зайыбы көбіне жақтырмай жүреді екен.
         Бір күні зайыбы бетінің майы екі кәрлен кесеге құйылған көжені еріне ұсыныпты. Ері ыстық көжені жылдам іше алмай, орнынан атып тұрып, бір шөміш судың үстіне көжені құя бастапты. Оны көрген зайыбы ерінің қолындағы шөмішті суымен жұлып алып, қақ төбеден бір қойып қалса керек. Содан ері тәлтіректеп орнынан тұрып, қалт-құлт басын босағаның жанына отыра кетіпті.
-         Көженің ыстығын – ыстық, суығын – суық демей өлемін-ау! – деп, көзінің жасын көл етіп ағыза жөнеліпті.
Содан бері ел аузында: «қомағайға шөміш тимей, отыра алмас, ішкені ас болмас» деген сөз қалыпты.      

Комментариев нет:

Отправить комментарий