среда, 5 декабря 2012 г.

Әр түрлі эсселер


Бес тілек
Әр адамның өз өміріне деген талап-тілектері болады. Өзімнің өмірлік тәжірибеме сүйеніп, мен де талап-тілектерімді келтірейін:
Біріншіден  - өзіме-өзім қызмет істеуім керек.
Екіншіден - білімімді күнделікті көтеруім керек.
Үшіншіден - өзімді сыйлайтын, еңбегімді бағалайтын ұжымда қызмет етсем.
Төртіншіден - өзіме қызықты әрі күн көрістен артығырақ қаражат табатын салада қызмет етсем.
Бесіншіден - әділеттілік пен имандылық қоғамдық ортада өмір сүрсем.

Араптар айтады екен...
Араптар ертеде айтады екен: «Ертеңге керексізді бүгін таста, керектіні бүгін тап»,- деп.
Біз қазақтар бұл нақылға мән бермей, ұмыта береміз. Әлбетте «таңғы ас тәңірден» деп жүре береміз. Бұл біздің ұлттың ең үлкен кемшілігі.

Мен әкемді көрсем.
Менің туған ағам Ағзам айтушы еді:
«Ажал оғы алмақ,
Тағдыр таусылғанда-ақ,
Мен әкемді көрсем,
Көрген жерде өлсем.
Бар арманым осылай,
Орындалса, япырым-ай,
Болар еді көңіл жай»,-деп әкесін есіне алып айтып отырушы еді. Енді балалары әкесі туралы айта ма екен?

Си тон.
«Өзіңді жамандап, күндеп отырған адамға ренжіп, қабақ шытып қажет емес, қайта асын беріп, риза ету керек, тіпті арқасына си тон да жауып жібер. Өзіңде бар мүмкіншілігіңнің бәрін көрсет. Сүйтіп, өзіңе келген пәледен құтыласың»,- депті ақсақал баласына.

А плюс В тең С
Тәрбие дегеніміз: «А»-ның жақсы жақтарын «В»-нің жақсы жақтарына үйлестіріп, «С»-нің бейнесін жасау. Яғни, «А» плюс «В» тең «С». 


Дәстүр
Ата-баба дәстүріне сіңімді болмай, ел силауды үйрене алмайсың. Ел басқарған әр азамат өз мінезінің кеселдігі жақтарын өзі түзетуі керек, сонда халық қауым болып, сені тыңдай да, силай да білетін болады.

Салық
 Халықтан салық жинау ғылыми негізге сүйенген, жетілген елдердің іс-тәжірибесін пайдаланып барып жасалған заң негізінде болу керек. Қандай халық болсын, ақылға, әл-ауқатқа қонымды, халықты бұралық етпейтін негізде жасалуы міндетті.
         Салықты бергенде, алғанда ұтылмайтын болуы керек, сонда әлеуметтік тепе- теңдік орнайды. Сабай берсе, «құдай да өледі» дегендей, халықтан салықты шамадан тыс алған ел арасында жақсы сөз, пікір тудырмайды.

Үш тірек.
Христос, Будда және Мұхаммед әлемнің үш тірегі сияқты. Бұл үш дін де берік негізінде тұр, басқа діндер жалған ғана емес, елді аздыратын, бірлікті бұзатын бұзық діндер.

Үлес
Бір ақсақал айтыпты:
                Егер адам өз еңбегіңің нәтижесін көрсете білсе, қоғамға үлес қостым деп айтуына хақылы.

«Гүл»
Екі жігіт қатар келе жатып, бір әйелге екі түрлі гүл ұсыныпты. Әйел біреуінен жай, қоңырсалкын пішін көрсетіп алыпты, ал екіншісі ұсынған гүлді күліп, жылы шырай көрсетіп алыпты да, «Рахмет» деп жүріп кетіпті. Әйел ұзады-ау деген кезде, бірінші жігіт:
           Менің гүлімді көңілсіздеу кейіппен алды, — депті.
Сонда екінші жігіт:
          Әр әйелдің өзі сүйген «гүлі» болады,—депті.

Екі қонақасы
Баяғыда бір байдың үйіне Бәкен деген кедей, бірақ тілі өткір жігіт келіп қоныпты. Үйге келген қонақтың алдына табаққа буы бұрқыраған аз-маз ет әкелініп қойылыпты. Аз еттен іштей көңілі қомсынған қонақ тезірек пышағын тері жарғақ шалбарының тізесіне жанып-жанып жіберіп, «бісімілласын» айтпай-ақ, аузына бір майлы кезегін сылып еткізіп, жұтар-жұтпаста:
               Еті аз жамбас — үй иесі ас алмас, кұйқасы бас сорпасы да ас, құйрықсыз бауыр — шайсыз да тәуір. Мұны берген байекем, ертең де қон деп отыр екен,деп алақанын толтыра аузына әуп деген етті бірақ сылып еткізіпті. Табақ түбі көрініп қалыпты. Байдың екі көзі шарасынан шығып, екі иығын кезек-кезек қозғалтып, жамбасымен жорғалап, отыра алмай:
Қатынау, қатын! Әкет мына табақты, сал қазы-қартаны. Бүгін тоймаған, ертең кетпес,—деп дауыстапты. Сөйтіп, Бәкен бір кеште екі қонақтан асып жепті.

Жолдасың көп
Күйеуіне ашуланған әйелі:
                 Осы сенің жолдасың көп-ақ,—депті. Сонда күйеуі, қалжыңдап:
               Жолдас пен дос «ол дүниеге барғанда да» қажет сияқты, себебі «сұрақ сұрайтын періштенің бірі» өз жолдасым болып шықпасын,— депті.

Қарт сөзі
Жүректе нұр болмаса, адамға гүл болып көріне алмассың,— депті қарт.

Еңбек
Бір еңбек ардагері айтыпты:
               Еңбек адаммен бірге өсетін гүл сияқты, сондықтан да оның хош иісін сезіне білу керек, — депті.

Жігіт
Бір жұмысшы айтыпты:
         Қолына балға ұстаған жігіт, барлық қиындықты жеңетін керемет күш болып сезіледі, депті.

«Менің тілімді...»
Еріне өкпелеген әйел:
     Шараптың, арақтың, сыраның тілін білесің, тіпті күшіктің де, мысықтың да, үйректің де тілдерін білесің, ал менің тілімді білмек түгіл, ұқпайсың да, —депті.

Мінсіздік
Күйеуі әйеліне:
     Мінез жолдас болмайды, бірақ бәрін есепке ала бермеу керек, жолдас сол кемшілігімен силы,— депті.

«Қойдан жуас»
Үйіне келген қонағын жөнелтіп, «Уһ» деп демалуға отырған үй иесі жұбайына былай депті:
     Кейбір қонақ, «қойдан жуас» болып келеді, ал қайтарында жолбарыстай ақырып, алдында тор тұрғандай болады,— депті.
Сонда әйелі:
     Ол жолбарыс болса, сен жолбарыстың баласына ұқсап кетесің,— депті.

«Жақсы ас»
     Әй, осы кәрілер-ай. Жоқтан өзгеге маза бермейді, — депті әйелі күйеуіне.
Сонда күйеуі:
Кәріні жақсы аспен күту керек, сонда кімге де болса жайлы болады,— депті.

«Тілі бармайды...»
Тілші:
     Сіз іс-сапарға жиі барып тұрасыз ба?
     Жиі болғанда қандай, кем дегенде айына екі-үш рет жолға шығып тұрамын.
     Ол туралы үйдегі жеңгейдің пікірі қандай екен?
     Оның несін айтасыз! Менің іс-сапарға кеткенімді жақтырмайтын бір-ақ жан бар: ол үйдегі келіншегім. Тіпті «жолың болсын» деп айтуға да «тілі» бармайды.

«Тіл — жау»
Зайыбы еріне:
     Көзіңді жүм, саған бір нәрсе әкелдім,— депті. — Жұм, жұм көзіңді! Әйтпесе дүкенге қайтадан апарып тастаймын!
Ері «апарып тастаймын» дегеннен сезіктеніп, көзін дереу жұма қояды. Зайыбы ерінің мойнына гүлді галстукті тағады да:
     Енді айнаға қарашы, сылқымым!— дейді күлімсірей.
- О, мынауың жаңа үйленетін жігіттерге лайықты екен,— депті ері иығын селкілдетіп қарқ-қарқ күліп. «Жаңа үйленетін» деген сөзге зайыбының тұла бойы шымыр ете түседі де:
     Әй, бері әкел, саған лайық емес екен,— деп галстукті жұлып алыпты да, сауда дүкеніне апарып тастапты.
Сонда ері айнаға қарап тұрып, тілін оңды-солды, жоғары-төмен сумаңдатып:
     «Тіл — жау» деген осы, — деген көрінеді.

Диалог
Астында көлігі бар адам жаяу жүрген танысына:
О, мына шляпың керемет екен, депті.
Сонда танысы:
Мен басымды күтемін, сен астыңды күтесің, деп күліп жүре беріпті.

Жерді алдау
Неге жүрісіңіз сылбыр, депті досы.
Жерді алдап келемін.
Түсінбедім?
Жылдамырақ жүрсем, екі аяғымнан жер тартады, сондықтан жер мені тұр деп
ойласын деп, сылбыр салып келемін, депті.
Өмірімде жерді алдаған кісіні көруім осы, деп таң қалыпты досы.

Ақылды
Бір адамнан екінші адам:
     Өмірдегі ең ақылды адам кім?— деп сұрапты.
     Өзіне де, басқаға да тыныштық тілеген адам ақылды,— депті екіншісі.

Комментариев нет:

Отправить комментарий