среда, 5 декабря 2012 г.

Сұрақ -жауап эсселері



Бірі-бірінен ақылды
- Неге ақымақ ақымақты көріп қуанады?
- Бірі бірінен ақылдымын деп ойлайды.

Айырмашылық
- Адамнан адамның айырмашылығы неде?
- Бірі байлығымен, бірі кедейлігімен, бірі ақылдылығымен, енді бірі ақымақтығымен,- депті.

Рухани тақырлық
- О, кедейім, сенің менен айырмашылығың неде?- депті.
- Сен менен материалдық жағынан байсың, бірақ рухани жағынан тақыр кедейсің,- депті.

Қандай заң ең жақсы жазылған
- Қандай заңдарды жақсы жазылған деп ойлайсыз?
-Қанышерлер мен ұрыларға ұнамаған заң ең жақсы жазылған заң,- депті.

Адам неге мән бермейді?
- Адам тіршілігінде неге мән бермей өтеді?
- Уақыт өткен сайын өмірінің қысқарып бара жатқанына мән бермей өтеді,- депті.

Кітап оқыған әйел
Кітап оқыған әйелді көріп:
- Зұлымдықты зұлымдық қабылдап жатыр, - депті.

Имандылық
- Неге көп ақша жұмсамау керек?
- Имандылықтан басқаға.

Білімі жоқ
- Білімі жоқ адамды немен саластыруға болады?
- Шөл даладағы суы жоқ құдықпен,- депті.

Сұрақ
- Сұраққа жауап беруге асықпа.
- Неге?
- Қандай сұрақ болса да, екі қорытындысы болады.
- Ол қандай қорытынды?
- Бірінші қорытынды – үмітті күштіреді, екіншісі – үмітіңді мүлде үзеді,- депті.

Адамның қасиеті
- Адамның өзгермейтін қасиеті не?
- Басқаның кемшілігін тез көруі.

Өмір
- Шындықпен өмір сүретін ел бар ма?
- Шын көңілмен шындық өмір сүргің келсе, «жаңа капитализм» елінде тұрмыс құр,- депті.

Үміт
- Неден үміт күтеміз?
- Еңбектің нәтижесінен, ұл-қыздың талпынысынан, немере-шөберелердің өсіп жетілуінен, халықтың таулығынан.

Ортақ қасиет
- Барлық халықта ортақ қасиет бар, ол ғасырдан-ғасырға  дамып келеді.
- Ол не қасиет?
- Өз еңбегіне тиістісінен артық алуға бейімделуі.

Жүгіріс
-Жер бетіндегі қозғала алатын жандылардың барлығы жүгірісте, неге?
- Бір нәрсені тауып алуға асығып жүгіріп жүреді, оның не екенін өзі де білмейді.

Тарту күші...
 - Ғарышкерлер Байқоңырдан ұшып, Арқалық пен Жезқазған облыстарына қонатыны неліктен осы?, - депті.
 - Бәле, әлі соны білмейсің бе? Ол жерлердің тарту күші көп емес пе? Ғарышқа ұшырылған зымыранның барлығы осы облыстардың жеріне құлайды ғой, соған тартады ғой, - депті.

Алтынды алу.
- Қайнап жатқан қазанның ішінде қой асығындай алтын жатыр, оны жалаңаш қолыңмен алуға болар ма еді?, - депті.
- Болады, егер біріншіден қол өзіңдікі болмаса, екіншіден, «НКВД» пистолетті қара құсыңнан тіреп тұрса, үшіншіден, өзің кемтар болғың келсе, - депті.

Көшіп қону.
- Қазақтар үнемі көшіп қонып жүріпті, ол неліктен?, - депті.
- Өзіңнен басқа қандай халықтар барын білу үшін, - депті.

Екі кісі.
- Сіз менің әйеліммен тіл табысып жүрген көрінесіз?, - депті.
- Оны қайдан білдіңіз?
- Бір досым сыбыр етті.
- Онда жалғыз мен емес, екі кісі тіл табысқанымыз ба?

Ел нені айтады?
- Ел-жұрт нені айтады?
- Бүгінгі бітірген істі айтады.
- Бай нені айтады?
- Артық алған ақшасын айтады.

Кедей мен бақ
- Алладан не сұрар едің?, - деп сұрапты Бақ кедейден.
-Мың жылдық жұмағы емес, бір жылдық тірлігімді сұрар едім, - депті кедей.


Өткен күннің белгісі не?
Оны түсіну үшін оқы, оқы және оқы.
Сонда өткен күннің белгісі біліммен анықталады ма?
Әр адам ойлансын!


Бірінші дос:
- Айраным кешке жетпей су іштім, атым көшке ілесе алмай, өгіз мініп келемін, - депті.
Сонда екінші досы:
-Айраныңды молайтпайсың ба? Жылқыңды қоңалтпайсың ба? , - депті.

Жер мен адам.
          Адам кайда кетіп барасың,— депті
          Жақсы жер, жомарт ел іздеп барамын.
Сонда жер:
- Алысқа барып қайтесің, іздегенің мен, табаныңның астында жатқан жоқпын ба?— депті
- Содан бері адам керегің еңбек сіңіріп жерден алатын болыпты.

Адам мен еңбек.
           Еңбек, маған өкпең жоқ шығар,— депті адам.
Сонда еңбек:
- Маған өкпелеген адам тіршілігін тоқтататын шығар,— депті.

Жолдастар диалогі
Бірінші жолдас екіншісіне:
- Сен қалай ойлайсың, жанұядағы «әмірші кім?»-— деп сұрапты.
          Жанұялы болғаныңа неше жыл болды?
          Алты-жеті жыл болып қалды.
                 Онда әлі түсінбей жүрмісің? Жанұядағы «әмірші» әйелің емес пе? Отыр десе отырасың, тұр десе тұрасың, жүр десе жүресің. Тіпті қала берсе, өзің еденді де жуып жүрғен жоқ емессің бе? А!
                  Ә, сен дұрыс айтасың, сондықтан да жанұя құрып келеміз-ау тегі.
                   Солай-солай, аңқауым! Бұдан бұлай әйеліңді сыйлап, сөзін ұғып, айтқанын орындап жүр, әйтпесе сөзін өтпей қалуы мүмкін,— депті жолдасы.

Өсек пен қулық
               «Өсек» қайда барасың?— депті Адал.
                 «Қулыққа» барамын,— депті Өсек.
Сонда Адал:
                 «Өсек» пен «Қулық» біріңді-бірің тез білісіп, жылап—көрісіп жүретіндерің осыдан екен-ау,—депті.

Жұмыссыздық
                 Асан жәй жүрсің бе? Неге менен жасырына бересің?— деп сұрапты жездесі.
                  Жұмыс таптың ба? Қашан жұмыс істейсің ден кездескен сайын сұрай бересіз,— депті балдызы Асан.
Сонда жездесі:
                    Әй, жақсы көретін балдызым-ай, жұмысты шын ниетіңмен іздемей жүрсің. Кім іздейді, сол табады деген бар емес пе? Жұмыссыз адам қанатсыз құс сияқты: жасырынатын жер іздеп жүреді, сенің дәл қазіргі күйің сондай құсқа ұқсайсың-ақ!

Адасу
Бір жігіт:
                  Осы біз дұрыс бағытта кетіп барамыз ба, әлде адасып барамыз ба?— деп сұрапты С. Олжастан.
                  Адам адасқанмен, адамзат адасуы мүмкін емес,— депті С. Олжас.

Ақсақал мен жігіт
Өміріңізде неге мән бермедіңіз?— деп сұрапты ақсақалдан жігіт.
         Естігенді жадыма сақтауға тырыспаппын.
        Онда несіне ақсақал болдыңыз,— депті жігіт.

Не өзгереді, не өзгермейді?
Заң өзгереді, табиғат өзгереді, қоғам өзгереді, өндіріс өзгереді, ал өзгермейтін адамның адамдық қасиеті ғана, депті бір дана.

Ақылды
Бір адамнан екінші адам:
                Өмірдегі ең ақылды адам кім? деп сұрады.
                Өзіне де, басқаға да тыныштық тілеген адам ақылды, депті екіншісі.

Комментариев нет:

Отправить комментарий